Ломбардтың тарихына көз жүгіртсек...

D-Капитал ломбарды 2009 жылы құрылды. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап біздің басты міндетіміз, қиын қаржылық жағдайға тап болған адамдарға қолдан келгенше көмек көрсету болды. Біз тұтынушыға оның уақытша қаржылық және материалдық қиындықтарының оңтайлы шешімін табуға көмектесеміз. Біздің ломбардта Сіз алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың, гауһар тас бұйымдардың білікті бағасын аласыз. Сарапшы бағалаушылар Сізге ең қолайлы қысқа мерзімді микронесиелердің әртүрлі бағдарламаларын ұсынады. Біз клиенттермен жұмыс істеу үшін өзара тиімді жағдайлар жасаймыз. Біздің барлық күш-жігеріміз кепілдік мүліктің сақталуын, атап айтқанда микронесиені уақтылы қайтару қиындықтары туындаған кезде оны сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің ломбардтың сарапшы-бағалаушылары жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, сондықтан кез келген жағдайда әрбір клиентке оңай шешімін ұсына алады.

Біз сіздің өміріңізді тұрақты және жайлы етеміз, күш пен уақытты үнемдейміз.

Біздің бағаларымыз, шарттарымыз бен мерзімдеріміз барынша ыңғайлылығымен сізді таң қалдырады.

Егер сіз өз мақсаттарыңыз бен міндеттеріңіз туралы нақты түсінікке ие болсаңыз, оларды шешу үшін сізге шұғыл қаражат қажет болса және микронесиені қайтару бойынша өз мүмкіндіктеріңіз бен перспективаларыңызды салмақты, байсалды бағаласаңыз, бізге келіңіз. Сіз біздің ломбардтың әлеуетін және бізбен ынтымақтастықтың арқасында алуға болатын артықшылықтарды бағалайсыз деп үміттенеміз.

 

КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ

Ломбардтық операцияларды ұсыну және жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша сапалы қызмет көрсетуде біздің клиенттеріміздің барынша қанағаттануы.

 

 

КОМПАНИЯНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Біздің клиентке бағытталған, оның қажеттіліктерін ескеретін және құрметтейтін көпфункционалды, тиімді, бәсекеге қабілетті бизнесті іске асыру.

 

КОМПАНИЯНЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Клиенттерге қызметтің барлық бағыттары бойынша ломбардтық қызметтердің барынша толық кешенін жылдам, сапалы және оңтайлы бағамен ұсыну.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық микронесиелеу компанияларын, оның ішінде ломбардтарды міндетті лицензиялау енгізіледі.

Сіздерге D-Капитал компаниясы микроқаржы қызметін жүзеге асыруүшін 09.03.2021 жылы  # 09.21.0005.Л лицензия алғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Сенімділік-уақытпен тексерілген!